Ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтірген әлеуметтік желі жабылады
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары13 қараша 2024, 23:31

Ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтірген әлеуметтік желі жабылады

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдері Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаевадан әлеуметтік желілердегі контент мазмұны, кейбір желілердің жабылуы туралы сұраған еді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«TikTok, Facebook, Instagram басқа да әлеуметтік желілерде ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге жол бермейміз. Қазір әлеуметтік желілердегі заңсыз контенттер анықталып, дер кезінде алынып жатыр. Бұл бағытта біз әлеуметтік желілердің әкімшілігімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеудеміз. Себебі олар депутаттардың бірнеше сауалынан кейін жауапкершілікпен қарап отыр», - деп үн қатты Аида Балаева, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Одан әрі министр әлеуметтік желінің балалардың психикасына әсері туралы айта келе, қауіпсіздік мәселесі алдыңғы орында екенін мәлімдеді.

«Егер ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келген жағдайда әлбетте жабылады (ред- әлеуметтік желі), бірақ, қазір ол сұрақ күн тәртібінде тұрған жоқ», - дейді ведомство басшысы.

 

аида балаева әлеуметтік желі ұлт қауіпсіздігі

Тақырыпқа жаңалықтар