Ұлттық Ұлан әскеридің терезеден секірген жағдайына түсініктеме берді

Ұлттық ұлан Алматыда әскеридің үшінші қабаттан секірген жағдайына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға 4 қазан күні болған. Зардап шеккен сарбаз шұғыл түрде жедел жәрдем ауруханасына жеткізіліп, қазір ем қабылдап жатыр.

«Қызмет барысында әскери қызметшіден «бейімделу бұзылысы» диагнозы анықталды. Ол әскерге шақырылмас бұрын жақын туысын жоғалтқан және әскери-дәрігерлік комиссияның (ӘДК) шешімін күтіп жүрген. Комиссия сарбаздың әрі қарай қызметке жарамдылығын анықтайды», - деп мәлімдеді Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар бейнебақылау камераларындағы жазбаларда бұл оқиғаға сырттан араласу болмағаны көрсетілген.

Ұлттық ұлан Сарбаз Алматы түсініктеме

Тақырыпқа жаңалықтар