Ұлытау облысында мемлекеттік қызметкер бәс тігемін деп жұмысынан айырылды

Сәтбаев қаласында әкімдік қызметкері құмар ойынын ойнағаны үшін жұмысынан қуылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Сәтбаев қаласы әкімдігінің бас маманы құмар ойынын жүйелі түрде ойнағаны анықталды. «1XBET» және «OLIMPBET» букмекерлік кеңселерінің ресми мәліметтеріне сәйкес, мемлекеттік қызметкер 16 миллион теңгеге жуық құмар ойындарына қатысқан.

«Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметші қызметінен босатылды», - деп мәлімдеді Бас прокуратура.

 

Сәтбаев Ұлытау қызметкер жұмыс

Тақырыпқа жаңалықтар