ҰҚК: Шекарада 112 тоннадан астам жанар-жағармайды заңсыз алып шығу әрекетінің жолы кесілді
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстаннан мұнай өнімдерін заңсыз шығаруға қарсы шараларды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Биыл 1–21 шілде аралығында мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінде жалпы көлемі 112 тоннадан асатын жанар-жағармай материалдарын заңсыз алып өтудің 1342 әрекеті анықталған. Заң бұзған азаматтар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылды.
ҰҚК мәліметінше, бұл шаралар елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жанар-жағармайдың көлеңкелі айналымына тосқауыл қоюға бағытталған. Ведомство бұл бағыттағы жұмыстың жалғасатынын хабарлады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: