Қазақстан жаңалықтары26 мамыр 2025, 9:09

“Үсік жүреді”: 26 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Arbat.media.

Шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда нөсер жауын жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ бұршақ жауып, дауыл соғуы ықтимал.

Тек батыста, солтүстік-батыста және оңтүстікте күн ашық болады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік аймақта таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Павлодар және Ұлытау облыстарында түнде 1-6 градусқа дейін үсік жүреді.

Астанада күн ала бұлтты. Ауа температурасы күндіз +12+14°С, желдің жылдамдығы 9-14 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с.

Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +21+23°С, желдің жылдамдығы 3-8 м/с, түнде екпіні 18-23 м/с-ге дейін жетеді.

Шымкентте күн бұлтты, жаңбыр жауады. Ауа температурасы +28+30°С, желдің жылдамдығы 8-13 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетеді.

бүгін Ауа райы қандай

Тақырыпқа жаңалықтар