Хасан Қасымбаевқа прокурор 15 жыл жаза сұрады

28 қазанда прокурор Ерлан Құланбаев Касымбаевқа 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы айыпталушының қорғаушысы Гүлмира Бабажанова айтты.

«Біз айыппен мүлде келіспейміз. Қорғау тарапы айыпталушыны ақтауды талап етеді, себебі екі эпизод бойынша жәбірленушінің өз сөзінен басқа дәлел жоқ», – деді адвокат.

Сотта Гүлмира Бабажанованың сөзінше тергеу Хасан Касымбаевты Шерзат Полатты өлтіру ісімен негізсіз байланыстырғысы келген.

2025 жылғы 28 қазанда Талғар аудандық сотында Хасан Касымбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша тараптардың пікірталасы басталды. Желідегі ақпаратқа сәйкес ол «Хуторские» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі.

Хасан Қасымбаев сот Прокурор түрме

Тақырыпқа жаңалықтар