Қазақстан жаңалықтары13 қазан 2023, 14:55

Хиджаб киюге тыйым салуға қатысты бірқатар норма енгізілуі мүмкін

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова қоғамда талқыланып жатқан хиджаб мәселесіне түсініктеме берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл мәселеге қатысты қоғамда біраз пікірталас жүріп жатыр. Тіпті халықаралық тәжірибеге назар аударсаңыз, әлем елдерінде де осындай жағдай. Оған тыйым салған елдер де, рұқсат бергендер де бар. Көрші тұрған Өзбекстан мен Қырғызстанның тәжірибесін алып қарасақ та, бұл мәселелер қазірдің өзінде олардың парламентінде қызу талқыланып жатыр. Қателеспесем, кей көршілер бұл тыйымды заңдастырып қойған. елімізде дін ұстану құқығына ешқандай шектеу жоқ екенін, яғни осы бағытта конституциялық құқық бар.

Жалпы, осындай мәселе көтеріліп, тиісті нормаларды қарастыру ұсынымы енгізілсе, біз мұны тағы да заң тұрғысынан зерделейміз. қоғамдық қауіпсіздік мәселесіне қатысты тиісті шектеулер бойынша бірқатар норма енгізілуі мүмкін, - деді вице-министр.

 

Хиджаб заң нормасы

Тақырыпқа жаңалықтар