“Жағдай ушықты”: Әзірбайжан Ресейге ресми түрде талап қойды

Әзірбайжан сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде Ресейге байланысты бірнеше мәлімдеме жариялады. Министрлік Маңғыстау облысында апатқа ұшыраған Әзірбайжанның жолаушылар ұшағына қатысты оқиғаға баса назар аударып, Ресейге ашық талап қойды, деп хабарлайды Arbat.Media Orda.kz сайтына сілтеп.

Ресей мен Әзірбайжан қақтығысының себептері: Бакудің наразылығы Ресейде әзірбайжандық диаспора өкілдерінің қазасынан кейін күшейді. Әзірбайжан билігі Екатеринбургте ағайынды Сафаровтар қастандықпен өлтірілді деп есептейді. Осы оқиғадан соң Бакуде «Спутник — Әзірбайжан» қызметкерлері ұсталып, «ФСБ қызметкерлері» деп танылды. Бұған қоса, бірнеше ресейлік азамат есірткі саудасы мен кибералаяқтық үшін айыпталып, ұсталды. Тараған бейнематериалдарда ұсталғандарға күш қолданылғаны байқалады.

 

AZAL ұшағының апаты: Minval Politika порталы ресейлік капитанның түсініктемесін жариялады. Онда 2024 жылдың желтоқсанында Грозныйға дрондар шабуыл жасағанда капитанның әуе нысанын, яғни осы ұшақты жоюға бұйрық бергені жазылған. Бұл түсініктемені The Insiderзерттеді.

2 шілдеде Ресейдің Әзірбайжандағы елшісі Михаил Евдокимов СІМ-ге шақырылды. Баку Мәскеуден әуе кеңістігіндегі шынайы оқиғаларды бұрмалауды тоқтатуды талап етті.

Әзербайжан СІМ-нің талаптары: Әзербайжан СІМ өз мәлімдемелерінде мынадай талаптарды қойды:

 

  • AZAL ұшағы апатына байланысты толық әрі ашық тергеу жүргізу;
  • Барлық объективті мән-жайды мойындау;
  • Кінәлілерді жауапқа тарту;
  • Зардап шеккендерге өтемақы төлеу;
  • Баку бұл талаптар екі ел арасындағы шиеленісті азайтуға көмектеседі деп есептейді.

 

Сондай-ақ Әзірбайжан билігі «Спутник — Әзірбайжан» қызметкерлерін ұстау шаралары заң аясында жүргізілгенін атап өтті және Ресей БАҚ-тағы «этникалық қылмыстық топ» сияқты тұжырымдарды қатты басыну деп бағалады.

Ақпарат Ақтау Апат Ұшақ

Тақырыпқа жаңалықтар