Жамбыл облысында 9-сынып оқушысын өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген 3 адам сотталды

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған баланы өзіне-өзі өлтіруге дейін жеткізген үш тұлғаға үкім шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бас прокуратуа мәліметінше, өткен жылдың сәуір айында Жамбыл ауданы Тастөбе ауылында 9-сынып оқушысы өз үйінің ауласындағы сарайда өзі-өзіне қол жұмсаған.

«Өзіне-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде осы ауылдың 22 жастағы тұрғыны, сондай-ақ 10-11 сыныптың екі оқушысы күдікті деп танылды.

«Жүргізілген тергеу 7–11 сынып оқушылары арасында «бейресми көшбасшылардың» және «көшелік ұғыммен өмір сүру» тәртібінің қалыптасуы бар екенін, бұл кей жағдайда жастар арасында қалыпты жағдай ретінде қабылданатынын көрсетті», деп хабарлады Бас прокуратура.

Марқұм мектеп оқушысы үлкендер тарапынан жүйелі түрде қысым көрген. Тіпті оны еңбекке мәжбүрлеген.

жамбыл облыс сот шешім

Тақырыпқа жаңалықтар