Қазақстан жаңалықтары15 сәуір 2026, 17:17

Жамбыл облысында екі жасөспірім өлі табылды

Қордай ауданы Қаракемер ауылында сарайдан екі оқушының мәйіті табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жамбыл облыстық полиция департаменті ақпаратты растады. Өңірлік полиция бұл жағдайдың суицид екенін мәлімдеді.

«Қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады полицейлер.

Сонымен қатап, облыс әкімінің тапсырмасымен оқиға орнына жедел түрде әкім орынбасары, басқарма басшысы және оның орынбасары барған. Облыс әкімдігі оқушылар мен ата-аналарға психологиялық көмек көрсету жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді.

Қордай жамбыл облыс Сарай

Тақырыпқа жаңалықтар