Жамбыл облысында жасөспірімдер жаппай уланды
Меркі аудандық ауруханасына демалыс орнынан 12–17 жас аралығындағы 22 жасөспірім жеткізілді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Олар Қызылорда облысынан ауданға күрес түрінен оқу-жаттығу жиынына келген.
Науқастарға «этиологиясы анықталмаған гастроэнтерит» алдын ала диагнозы қойылды. Олардың жағдайы қалыпты, дәрігерлердің бақылауында
Yауқастардан және тағам өнімдерінен сынама алынған. Мамандар оның қорытындысын күтуде.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: