Қазақстан жаңалықтары8 тамыз 2025, 12:40

Жамбылда жасөспірім досына абайсызда оқ атты

Жамбыл облысында жасөспірім әкесінің пневматикалық мылтығымен ойнап жүріп досын байқаусызда жаралап алды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Сот мәліметінше, олар бөтелкелерді атып жүрген сәтте оқ кездейсоқ түрде жәбірленушінің жақ сүйегіне тиген. Сараптама қорытындысы бойынша, “Cometa 300” маркалы мылтық спорттық жаттығуға арналған әрі ату қаруы болып саналмайды.

Кезекті ату сәтінде жасөспірім нысанаға дәл тигізе алмаған. Сол мезетте жәбірленуші М. бөтелкені қайта қою үшін алға ұмтылған кезде, Т. байқамай атып, оқ жәбірленушінің жақ сүйегіне тиген.

Сот отырысында Т. өз кінәсін толық мойындап, болған оқиғаға өкінетінін білдірді. Жәбірленуші тарап ешқандай шағым түсірмей, істі соттың қарауына қалдырған.

Сот адвокаттың жеңіл жаза тағайындау туралы өтінішін ескере отырып, Т.-ны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 485-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Оған 10 айлық есептік көрсеткіш (39 320 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

жамбыл жігіт дос оқ
20 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
21 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
20 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
20 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар