Жамбылдық дәрігерлер клиникалық өлім жағдайында болған сәбиді құтқарды

Жамбылдық дәрігерлер клиникалық өлім жағдайында болған сәбиді құтқарды. Жедел жәрдем фельдшерлері шақыртуға барған, деп хабарлайды Arbat.Media.

20 жастағы жүкті әйел ішінің ауырғанын айтқан. Ол жүктіліктің 23-24 аптасында екен.

Оған "мерзімінен бұрын босану" диагнозы қойылып, лезде ауруханаға алып кеткен. Жолда әйел босанып қалған.

Тасымалдау барысында және қабылдау бөлімінде жаңа туған сәбиде клиникалық өлім тіркеліп, жедел жүрек-өкпе реанимациясы жасалды. Дәрігерлердің арқасында сәбидің тыныс алуы және жүрек кағысы қалпына келді.

жамбыл Дәрігер Сәби фельдшер

Тақырыпқа жаңалықтар