Жаңа министр Сүлейменова өзіне айтылған сынға жауап берді
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желіде өзіне қатысты тараған ақпаратқа нүкте қойды. Министр педагогикалық еңбек өтілінің 20 жылдан асатынын айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жұлдыз Сүлейменова «еңбек өтілі 1 жыл» деген ақпаратты жоққа шығарды.
«Жалпы менің педагогикалық еңбек өтілім — жиырма жылдан асады. Осы уақыттың ішінде №139 мектепте жұмыс істедім, сондай-ақ зияткерлік мектептер жүйесінде тоғыз жылдан астам еңбек еттім. Зияткерлік мектептерде методолог ретінде қызмет атқардым», - деді ол.
Министр Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы зияткерлік мектептің директоры лауазымына дейін көтерілгенін де жасырмады. Сонымен қатар, ол жоғары оқу орындарында да оқытушылық қызметтен бастап, жастар ісі және оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың орынбасары қызметін де атқанғанын айтты.