Қазақстан жаңалықтары24 қазан 2024, 11:34

Жаңаөзенде 38 жетім бала тұрғын үй кезегіне қойылмаған

Жаңаөзен қаласының прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 38 жетім баланың тұрғын үй кезегіне қойылмағаны анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы мәлімдеді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 71-бабына сәйкес жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері баланы тұрғын үй алу үшін жергілікті атқарушы органда есепке қоюға міндетті.

«Қабылданған прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде барлық балалар тұрғын үй кезегіне енгізілді», - делінген хабарламада.

Заңдылықтың бұзылуына жол берген ТКШ бөлімінің бас маманы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Жаңаөзен жетім бала тұрғын үй кезегі
13 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
14 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 11:32 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 9:26 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар