Жаңаөзендегі мұнайшылар жұмыс берушімен келіссөздерден кейін ереуілді тоқтатты

Маңғыстау облысында «МұнайСпецСнаб Компани» компаниясының жұмысшылары басшылықпен келіссөздерден кейін ереуілді тоқтатты, деп хабарлайды Arbat.Media.

«ҚазМұнайГаз» өкілдері кәсіпорын жұмысы толық қалпына келтірілгенін, қызметкерлер жұмыс орындарына қайта оралғанын растады.

Аталған компания — ұлттық мұнай-газ компаниясының еншілес ұйымы «ӨзенМұнайСервиске» көлік қызметін көрсетеді.

Бұған дейін жұмысшылар еңбек құқықтарының бұзылып, әлеуметтік әділетсіздік орын алғанын айтып, президент пен жергілікті билікке видеоүндеу жариялаған болатын.

Маңғыстау Ереуіл Келіссөз Талап
Кеше, 20:47 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 16:45 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 17:50 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 15:30 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар