Жанқош Тұраров елдің сынына ұшыраған Ардақ Назаровты қолдады
Парламент мінберінде анасын құттықтаған депутат Ардақ Назаровты боксшы Жанқош Тұраров қолдады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Боксшысдепутаттың анасын құттықтағанынан ешқандай әбестік көрмепті.
"Кез келген ата-ананың ең үлкен арманы – салиқалы ұрпақ! Аллах тағала ер адамның жәннатын анасының табанының астына салып қойған. Анаға қандай құрмет көрсетсе де артық етпейді. Құдайдан үміті бар кез-келген ата-ана баласының дәл осылай мәжілісте отырып құттықтау жолдағанын көрсе армандары жоқ шығар деймін! Баршамызға осындай үлгілі ұрпақ өсіруді нәсіп етсін! Ата-анамыздың қартайған шағында ұрпағының жетістігін көріп, батасын бергеннен асқан бақыт бар ма?! Өте орынды, әсерлі құттықтау болды, ағатай", деп жазды ол.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: