Жапаров Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты
Қырғызстан президенті Шахановтың қазасына байланысты Тоқаевқа көңіл айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жеделхатта Садыр Жапаров Мұхтар Шахановты тек бауырлас қазақ халқының ғана емес, күллі қырғыз жұртының да рухани тірегі, парасатты ұстазы болғанын атап өтті.
«Қырғыз қоғамы бүгін тағы бір биік шыңынан, рухани сүйенішінен айырылып отыр. Мұндай ұлы тұлғалар туралы «оның кетуімен тұтас бір дәуір аяқталды» деп айтылады. Шын мәнінде, Мұхтар ағаның өмірден өтуімен бүкіл түркі әлемі бір дәуірінен айырылды», – делінген жеделхатта.
Ақын, қоғам қайраткері, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында өмірден өтті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: