Жеңгетайлықпен айналысып, 6,5 жылға сотталған "Айка" алғаш реті желіде үн қатты

Айғаным Мырзахметова жақында бостандыққа шықты. Ол жазасының қалған бөлігін екі жылдан соң өтейді. Қазір Айка пробациялық бақылауда, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мырзахметова бүгін жасаған үндеуінде өз өмірін ретке келтірумен айналысып жатқанын айтты. Енді ол баламды тәрбиелеп, адал әрі саналы өмір сүрсем дейді.

"Соңғы үш жылым “үш жүз жылдай” өтті. Алматыдан алыс, отбасыдан тыс өмір сүру қиын болды. Қазір әлем, адамдар өзгерген, өзімді жаңа өмірге келгендей сезінемін", - дейді Айка.

Мәлімдеме соңында блогер оны қолдаған жандарға алғыс айтты.

Бұған дейін Айка Мырзахметова 6 жыл 6 айға сотталған еді. Ол 2020-2023 жылдар аралығында сыбайласымен бірге қыздарды клиенттермен таныстырып, интимдік қызмет көрсеткен.

Айка пробация бақылау сот

Тақырыпқа жаңалықтар