Жеңілдетілген ипотеканы енді жекеменшік банктер де бере алады

Жеңілдетілген ипотеканы енді жекеменшік банктер де бере алады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қазақстанда тұрғын үй жинақтау жүйесіне қатысты заң өзгеріп, Отбасы банктен бөлек, екінші деңгейлі банктерге де жеңілдетілген ипотека ұсынуға мүмкіндік берілді. Алайда бір маңызды шарт бар.

Жекеменшік банктердегі тұрғын үй депозиттеріне мемлекет сыйлықақы төлемейді. Сарапшылардың айтуынша, бұл талап жүйенің тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Ал Ұлттық банк бұл өзгеріс бәсекені күшейтіп, халықтың таңдауын арттырады депотыр.

ипотека үй банк Баспана

Тақырыпқа жаңалықтар