Жетісу облысында аудан әкімінің орынбасары сотталды

Алакөл ауданына қарасты Арқарлы ауылындағы электр желілерін салу және қайта жаңғырту барысында аудан әкімінің орынбасары қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға қол қойған. Соның салдарынан бюджет есебінен 189 млн теңгеден астам сома аударылған.

«Мемлекеттік айыптау тарапынан лауазымды тұлғаның ауыр салдарға әкеп соққан қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану қылмысын жасағаны толық дәлелденді», — деп хабарлайды Бас прокуратура.

Алакөл аудандық сотының үкімімен аудан әкімінің орынбасары 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Жетісу облыс Адам орынбасар

Тақырыпқа жаңалықтар