Жетісу облысында құмар ойын ойнаған шенеунік жұмыстан қуылды

Жетісу облысында құмар ойын ойнаған шенеунік жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ақсу ауданының прокуратурасы өрескел заңбұзушылықты анықтады.

«Мемлекеттік орган қызметкері заңмен белгіленген тыйымдарға қарамастан, құмар ойындарға қатысқаны белгілі болды», - делінген мәлімдемеде.

Мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін теріс қылық жасағаны үшін ол лауазымынан босатылды.

Жетісу облыс шенеунік ойын

Тақырыпқа жаңалықтар