Жетісу облысында тоқ соғу салдарынан 19 жастағы жігіт қаза тапты
Текелі қаласындағы өндірістік нысандардың бірінде қайғылы оқиға болды — жөндеу жұмыстары кезінде 2007 жылы туған жас қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға 20 сәуір күні электр қосалқы станциясы аумағында болған. Ақауды жою барысында ол кернеуге түсіп, электр тогынан өлімге әкелген жарақат алған.
Полицияның мәліметінше, аталған факті бойынша еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкелу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
«Тергеу қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», — деп хабарлады ведомство.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: