Зират қоршауын ұрлап жатқан екі адам ұсталды
Фото: polisia.kz
polisia.kz
Қазақстан жаңалықтары5 қараша 2024, 10:00

Зират қоршауын ұрлап жатқан екі адам ұсталды

Жамбыл облысында зират қоршауын қолды қылған күдіктілер ұсталды. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылдың 26 қазанында Тұрар Рысқұлов ауданында екі ер адам зираттың темір қоршауын ұрлап жатқан кезінде ұсталды. ҚР ҚК-нің 24-бабы (Қылмысқа оқталу) және ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.Күдіктілер 33 жастағы Жамбыл ауданының және 34 жастағы Байзақ ауданының тұрғындары екені анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Тергеу барысында күдіктілердің бұрын жасалған Талас ауданы маңындағы зират қоршауларын ұрлау дерегіне қатысы бар екені белгілі болды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Қазіргі уақытта олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы анықталып жатыр.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Зират Жамбыл облысы күдіктілер

Тақырыпқа жаңалықтар