Қазақстан жаңалықтары10 маусым 2025, 21:09

Жолаушы орынсыз әзіл үшін жауапқа тартылды

«Астана - Алматы» рейсінің жолаушысы орынсыз әзіл үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тіркеу кезінде 30 жастағы алматылық әуежай қызметкерінің тыйым салынған немесе жарылғыш заттардың бар-жоғы туралы сұрағына «иә» деп жауап берген. Кейін бұл жай ғана әзіл екенін айтқан.

Алайда қауіп төнуі мүмкін деген хабарлама бірден тіркеліп, тексеріс болды. Кейін әуежай өз жұмысын жалғастырды.

Ал жолаушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Көліктегі полиция департаменті мұндай әзілге жол берілмейтінін ескертті.

Астана Алматы Жолаушы сот

Тақырыпқа жаңалықтар