Жұмысқа бара жатқан үш адамға қасқыр шапты
Жыртқыш аңдар, тіпті, тұрғын үйдің ауласына кіріп кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жергілікті тұрғындар қасқырды суретке түсіріп алған. Олардың пікірінше, жыртқыштар орманнан келген.
Бүгін таңертең жұмысқа бара жатқан .ш адамға қасқар шапқан. Жараланған тұрғындар аудандық ауруханаға жүгінген.
«Зардап шеккен 3 адам аудандық ауруханаға келді. Барлығы амбулаториялық емделуге жіберілді, жараларын емдеп, өңдеген соң, екпе салынды», деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.
Ал, жергілікті полиция басқармасы жыртқыштарды құрықтаумен айналысып жатқанын жеткізді.
«Полицейлер ветеринария органдарымен бірлесіп жабайы жануарды жою бойынша шаралар қабылдап жатыр», деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: