Жыл басынан бері балабақшаларда 21,3 мың жаңа орын ашылды
Жыл басынан бері еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдарда 21,3 мың жаңа орын ашылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған балалары бар ата-аналарға арналған 6,4 мыңнан астам консультациялық пункт жұмыс істеп тұр.
Сонымен қатар қаржыландырудың ваучерлік тетігі енгізілуде. Оған 5,9 мың мектепке дейінгі ұйым қатысып, 1,2 миллионнан астам нысаналы ваучер берілді. Бұл шаралар балабақшаларға орналастыру бойынша жалпы кезекті екі есеге қысқартуға мүмкіндік берді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: