Спорт2 қаңтар 2024, 12:00

2023 жылдың үздік қақпашысы анықталды

Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) 2023 жылдың үздік қақпашысы атағына дауыс беру нәтижесін жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл тізімде Бразилия құрамасы мен Англияның «Манчестер Сити» командасының кқшбасшысы Эдерсон Мораес көш бастап тұр.

Екінші орында Аргентина құрамасы мен Англияның «Астон Вилла» қақпашысы Эмилиано Мартинес тұр. Үздік үштікті бельгиялық және Испанияның «Реал Мадрид» клубының қақпашысы Тибо Куртуа түйіндейді.

IFFHS нұсқасы бойынша 2023 жылдың үздік 10 қақпашысы:

Эдерсон Мораес («Манчестер Сити», Бразилия).

Эмилиано Мартинес («Астон Вилла», Аргентина).

Тибо Куртуа («Реал», Бельгия).

Марк-Андре тер Штеген («Барселона», Германия).

Ян Облак («Атлетико» Мадрид, Словения).

Джанлуиджи Доннарумма (ПСЖ, Италия).

Яссин Боно («Аль-Хиляль», Марокко).

Алисон Бекер («Ливерпуль», Бразилия).

Андре Онана («Манчестер Юнайтед», Камерун).

Мик Меньян («Милан», Франция).

2023 жыл рейтинг үздік қақпашы

Тақырыпқа жаңалықтар