2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтетін болды
Қазақстан 2029 жылы қысқы Азия ойындарын қабылдайды. Дүбірлі дода Алматы қаласында өтеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бүгін, 5 ақпанда Италияда Геннадий Головкин келісімге қол қойды. Ең соңғы Қысқы Азия ойындары 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өткен еді.
Еске салайық, еліміз Азияның қысқы ойындарын 2011 жылы Астана және Алматы қалаларында табысты өткізген. Ол кезде Қазақстан жоғары ұйымдастырушылық деңгейін көрсетіп, халықаралық спорт қауымдастығының оң бағасына ие болған еді. Алматы қысқы спорт түрлерін өткізуге дайын. Мұнда 2011 жылғы Азиада және 2017 жылғы Универсиада жарыстары кезінде заманауи спорттық инфрақұрылым салынған. Мегаполис бұған дейін 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге де үміткер болған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: