Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Гран-при кезеңінде үш медаль жеңіп алды
Францияның Тье қаласында көркем гимнастикадан Гран-при кезеңі аяқталды. Қазақстан гимнастика федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық Айбота Ертайқызы аталған жарыста екі күміс, бір қола жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қазақстандық гимнаст шығыршықпен жаттығудан 32.7 ұпай жинап, күміс медальға қол жеткізді. Сондай-ақ доппен жаттығудан (32.4 балл) үздік үштікті түйіндеді. Айбота сонымен қатар таспамен жаттығу финалында екінші орыннан көрінді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: