Спорт11 қараша 2023, 22:45

Александр Недовесов Болгарияда турнир финалында жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Болгария астанасы Софияда өткен турнирдің финалында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Эквадорлық теннисші Гонсало Эскобар мен қазақстандық Александр Недовесов жұбы ұлыбритандық және хорватиялық теннисшілер  Джулиан Кэш пен Никола Мектич дуэтіне қарсы ойнады. 1 сағат 28 минутқа созылған тартысты бәсекеде 6:3, 3:6, 13:11 есебімен Александр мен Гонсало жеңіске жетті.

36 жастағы Недовесов қазіргі уақытта АТР (кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) әлемдік рейтингінде 48-орында тұр. Бұл қазақстандық теннисшілер арасында үздік нәтиже саналады.

Александр Недовесов болгария Теннис турнир

Тақырыпқа жаңалықтар