Спорт30 наурыз 2024, 21:52

Александр Недовесов Испаниядағы турнирдің чемпионы атанды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Александр Недовесов Жирона (Испания) челленджер турнирінің чемпионы атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге финалда франциялықтар Хонатан Эйссерик - Альбано Оливеттимен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Қазақстандық-эквадорлық жұп қарсыластарын 7:6 (7:1), 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Бір сағат 43 минутқа созылған бәсеке барысында Недовесов - Эскобар 3 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Франциялық дуэт 3 эйспен көзге түсті.

Осылайша, Александр Недовесов өзінің спорттық жолында челленджер санатындағы додаларда 28-інші титулына қол жеткізсе, соның 25-і - жұптық сында.

 

Александр Недовесов Испания турнир чемпион

Тақырыпқа жаңалықтар