Александр Недовесов Шанхай мастерстің ширек финалына шыға алмады
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Недовесов Шанхай мастерс турнирінің ширек финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Arbat.media.
А.Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге екінші айналымда нидерландтық Уэс Колхоф – ұлыбританиялық Нил Скупскимен шыққан.
Тай-брейкте Колхоф – Скупски сәттірек ойнады – 7:6 (7:2). Олар екінші сетте де есесін жібермеді – 6:4.
Недовесов пен Эскобар бе эйс қана жасап, қарсылас жұп 3 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды.
Шанхай мастерс додасында Қазақстаннан ешкім қалған жоқ. Михаил Кукушкин мен Бейбіт Жұқаев жекелей сында кеше қарсыластарына жол берді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: