Спорт16 маусым 2024, 0:34

Әлішер Ерғали — әлемдегі 10 үздік балуандар қатарында

Венгрияда өткен рейтингілік турнирден кейін 97 келі салмақта күресетін отандасымыз Әлішер Ерғали үздік ондыққа кірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап жариялады. 

Рейтингілік турнирден соң Біріккен күрес әлемі (UWW) балуандар рейтингін жаңартты.

Бұл тізімде қазақ спортшысы 8-ші орынға тұрақтады. Осы салмаққа жақында ауысқан Ризабек Айтмұқан 18 орыннан көрінді.

Сондай-ақ Мейрамбек Қартбай (57 келі) төртінші, Болат Сақаев (79 келі) алтыншы сатыда тұр.

Ал Азамат Дәулетбеков 86 келіде бірнеше айдан бері тізімде көш бастап, үздік нәтижесін сақтап отыр.

Әлішер Ерғали Әлем 10 үздік балуан

Тақырыпқа жаңалықтар