Спорт8 ақпан 2026, 13:40

Аман Бақытжан дзюдодан «Гранд-Слэм» турнирінде қола жүлде еншіледі

Париж төрінде дзюдодан жылдың алғашқы “Гранд-Слэм” турнирі басталды, беп хабарлайды Arbat.Media.

Байрақты бәсекеде 60 келіде бақ сынаған Аман Бақытжан қола жүлдеге қол жеткізді.

Аман Бақытжан айтулы доданы екінші айналымнан бастады. Ол жарыс жолында француздық балуанды иппон әдісімен сан соқтырды.

Ал 1/16 финалда бразилиялық Михеил Аугустаны вазари әдісімен тізе бүктірсе, ширек финалда словениялық Девид Старкелден айласын асырды.

Бірақ Аман жартылай финалда украиналық Дилшот Халматовқа есе жіберді. Ал қола жүлде үшін тартыста кубалық Жонатхан Чаронды голден скорда жеңді.

Дзюдо спортш жеңіс Париж
23 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 9:24 Қазақстан жаңалықтары
23 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
23 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар