Спорт10 қазан 2023, 7:00

«Барыс» бес ойыннан кейін жеңіске жетті

«Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасында Ресейдің «Трактор» (Челябі) командасын  жеңді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ол бес тур бойы жеңіліп, турнир кестесіндегі жағдайы нашар болып, небәрі 11 ұпаймен 21-орында тұрған.

Ал «Трактор» 16 ойыннан кейін 18 ұпаймен 10-орынға орналасты.

Андрей Скабелка «Барыс» командасының бас бапкері қызметінен кетіп, оның орнына қазақстандық маман Ғалым Мәмбетәлиев бас бапкердің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Кездесуде барынша жинақы қимыл көрсетіп, 17-минутта елордалық Всеволод Логвин есеп ашты. 25-минутта Аркадий Шестаков есепті үстемелей түсті.

Ресейлік клуб гол соғу мүмкіндігін іздеген, қатарынан 39-минутта Чарльз Робинсон есеп айырмасын қысқартқан болатын.

Осылайша «Барыс» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, 13 ұпаймен бір орынға жоғары көтерілді.

Хоккей Барыс жеңіс

Тақырыпқа жаңалықтар