Спорт21 қазан 2023, 1:34

«Барыс» командасы үш жеңілістен кейін жеңіске жетті

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Сочи» командасына қарсы өткізді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл турлы Kazinform жариялады.

Елордалық команда бұдан бұрын қатарынан үш мәрте жеңіліс тапты. Салдарынан турнир кестесінде жағдайын біршама қиындатып алды.

Сол себепті «Барыс» алғашқы минуттан шабуылға көңіл бөлді.

Ойынның 13-минутында Кирилл Савицкий мергендік танытса, 18-минутта Райли Барбер есепті үстемелей түсті. 

Екінші кезеңде екі команда да гол соғатын мүмкіндікті іздеді.

Нәтижесінде «Сочи» сапынан Сергей Попов 34, Джесси Грэм 38-минутта гол соқса, елордалық командадан Понтус Оберг 36-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. 

Үшінші кезеңде елордалық клубтан Батырлан Мұратов 46-минутта гол соқса, Понтус Оберг 58-минутта аталған ойында өзінің шайбасының авторы атанды.

Ал 59-минутта ресейлік клубтан Матвей Мичков есеп айырмасын қысқартты.

Осылайша «Барыс» қарсыласынан 5:3 есебімен басым түсіп, үшінші ойынға созылған жеңіліс сериясын тоқтатты.

Енді елордалық клуб 22 қазанда Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» (Бейжің), 24 қазанда Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) клубымен шеберлік байқасады.

 

Хоккей сочи Барыс

Тақырыпқа жаңалықтар