«Барыс» хоккейшілері елордада «Сочиді» жеңді
Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Сочи» командасына қарсы өткізді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Елордалық хоккейшілер биылғы турнирді сәтсіз өткізіп жүр. Салдарынан турнир кестесінде 42 ойыннан кейін 31 ұпаймен 23-орында тұр. Оған қоса қатарынан жеңілістің ащы дәмін татты.
Сол себепті олар үшін бүгінгі кездесуде жеңіске жету өте қажет болатын.
Кездесуде ресейлік хоккейшілер «Барыс» қақпасы маңында шабуыл ұйымдастырды. Ойынның 1-минутында Джереми Бракко елордалық команда қақпасынан саңылау тапты.
«Барыс» сапынан Энтони Камара – 3, Давид Скленичка 25-минутта мергендік таныты.
Ойынның 27-минутында «Сочи» хоккейшісі Кирилл Рассказов таразы басын теңестірді.
Үшінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасына гол соға алған жоқ.
Негізгі кезең 2:2 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда Аркадий Шестаков гол соғып, «Барыс» жеңіске жетті.
Енді елордалық клуб алдағы ойынын 28 желтоқсанда елордада Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізеді.