Бокстан Қазақстан ерлер құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды
Фото: smi24.kz
smi24.kz
Спорт17 тамыз 2024, 1:07

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

Париж Олимпиадасынан кейін бұған дейін бокстан Қазақстан ерлер құрамасын баптаған 10 адам жұмыстан шеттетілген еді. Бүгін бокс федерациясы жаңа бас бапкер тағайындалғанын мәлім етті. Қайрат Сәтжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасына бас бапкер болып тағайындалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Қайрат Тұрсұнқанұлы Сәтжанов - 54 жаста, Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт үздігі. Бапкерлік еңбек өтілі - 34 жыл. 2021-2022 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарған. 2024 жылдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері болды.

Жаңа бас бапкердің жетекшілігімен 2021 жылы Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында (Сербия) II командалық орын (2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль) алды.

2022 жылы Азия чемпионатында (Иордания) ІІ командалық орын (3 алтын, 6 күміс, 3 қола) еншілеген.

2024 жылы Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан командасы I командалық орын (5 алтын, 1 күміс, 3 қола) алды.

Қайрат Сатжанов жаттықтырушы ретінде 7 әлем чемпионын, 43 Азия чемпионын дайындаған.«Қазіргі уақытта жаңа жаттықтырушылар құрамы құрылып жатыр, оның ішінде: шетелдік жаттықтырушы маман, жалпы дене даярлығы бойынша жаттықтырушы, сондай-ақ ғылыми топ мамандары шақырылады. Сонымен қатар бас жаттықтырушының жеке шәкірті болмайды деген талап енгізілді», делінген бокс федерациясы таратқан хабарламада.

Бас бапкер бокс Қайрат Сәтжанов

Тақырыпқа жаңалықтар