СпортБүгін, 11:13

Чемпион Жәнібек Әлімханұлы титулдарынан айрылуы мүмкін бе?

Жәнібек Әлімханұлында допинг-тесттің екінші сынамасы да оң нәтиже берсе, чемпиондық атақтарынан айырылуы ықтимал, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы боксшының менеджері Берік Сұлтан мәлімдеді.

2 желтоқсанда Әлімханұлының допинг сынамасынан тыйым салынған зат анықталғаны белгілі болды. Менеджердің айтуынша, бұл жағдай команда үшін күтпеген жаңалық болған, өйткені бастапқы тексерулерде ешқандай заңбұзушылық тіркелмеген.

Еске салсақ, 6 желтоқсанда АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBA чемпионы, кубалық Эрисланди Ларамен титулдарды біріктіру жекпе-жегін өткізуі керек болған. Алайда кездесу жүзеге аспады. Жәнібек допинг-бақылаудан өте алмай, бокс кешінің бағдарламасынан алынып тасталды.

чемпион Титул Допинг Нәтиже

Тақырыпқа жаңалықтар