СпортБүгін, 12:44

Елена Рыбакина Гиннесс рекордтар кітабына енді

Елена Рыбакина Гиннесс рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол бір теннис турнирінен алынған ең үлкен гонорар үшін Гиннесс рекордтар кітабына кірді.

Рыбакина 2025 жылы Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турнирінде 5,235 миллион АҚШ долларын (шамамен 2,7 млрд теңге) жеңіп алды.

Бұған дейін бір де бір теннисші бір турнирде мұндай көлемде қаражат алмаған. Осы жеңістен кейін Тоқаев Рыбакинаны «Барыс» III дәрежелі орденімен марапаттаған еді.

 

Рыбакина Рекорд кітап спорт

Тақырыпқа жаңалықтар