Спорт9 қараша 2025, 9:34

Елена Рыбакина тарихи жеңіске қол жеткізді

Елена Рыбакина тарихи жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол Эр-Риядта өткен WTA қорытынды туринирінің жеңімпазы болды. Бұл турнирде Елена алғаш рет финалға шығып, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға қарсы ойнады. Рыбакина 6:3, 7:6 (7:0) есебімен жеңіске жетті. Бұл жетістік Елена үшін ғана емес, бүкіл Қазақстанның теннис тарихы үшін маңызды оқиға. Себебі бұған дейін еліміздің ешбір теннисшісі – ерлер де, әйелдер де – WTA маусымдық финалының шешуші кезеңіне жеткен емес.

Елена Рыбакина жеңіс Теннис құрама
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар