Placeholder
Фото: boxingnews.com
boxingnews.com
Спорт21 тамыз 2024, 12:00

Геннадий Головкин 2025 жылы шаршы алаңға оралуы мүмкін

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) 2025 жылы кәсіпқой рингке қайта оралуы мүмкін. Вoxingnews.com сайтының хабарлауынша, Сауд Арабиялық бай, бокс спортының инвесторы Турки Аль аш-Шейх Геннадий Головкинге рингке оралуға ұсыныс жасаған. Головкинге рингке оралғаны үшін жақсы ақша уәде етілген. Оған 2025 жылдың алғашқы жартысында төрт салмақта әлем чемпионы Теренс Кроуфордпен (41-0-0,31КО) жұдырықтасуы керек, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жекпе-жек туралы ақпарат бокс жанкүйерлерін елең еткізді. Ықтимал айқас Теренс Кроуфордтың мексикалық боксшы Сауль Альварес (61-2-2,39КО) арасындағы жекпе-жек алдындағы дайындығы болмақ. Себебі америкалық боксшы Алвареспен 168 фунд салмағында бокстасады. Ал Головкин оның орта салмақтағы (160 фунд) алғашқы қарсыласы және Альвареспен 3 рет қолғап түйістірген.

Бүгінде ҰОК президенті қызметін атқарып жүрген даңқты отандасымыз Геннадий Головкин Boxingscene.com басылымына берген сұхбатында бокспен қош айтыспағанын айтқан. Боксшы Los Angeles Times басылымына берген сұхбатында ыңғайлы мүмкіндік туындап жатса, шаршы алаңға қайта оралуы мүмкін екенін айтқан.

 

Геннадий Головкин 2025 жылы Оралу ринг

Тақырыпқа жаңалықтар