Спорт27 сәуір 2024, 14:30

Григорий Ломакин Шымкент ITF турнирінің чемпионы атанды

Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Шымкент ITF турнирінің чемпионы атанды. Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші ресейлік Павел Вербинмен бірге төрт кездесуін сәтті өткізді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Соның ішінде қазақстандық-ресейлік жұп финалда доданың 1-ракеткалары, үндістандықтар С.Д.Праджвал Дев - Сай Картик Реддимен бас жүлдені сарапқа салды, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

Г.Ломакин - П.Вербин тартысты матчта 7:6 (11:9), 6:3 есебімен жеңіске жетті.

 

Григорий Ломакин ITF турнирі чемпион

Тақырыпқа жаңалықтар