Спорт1 ақпан 2024, 20:46

Канвон-2024: Қай ел қанша медаль жеңіп алды

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өткен IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Италия құрамасы жалпыкомандалық есепте топ жарды. Олардың еншісінде 11 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль бар, - деп хабарлайды Arbat.media

Екінші орынды иеленген Германия құрамасы 9 алтын, 5 күміс, 6 қолаға қол жеткізді. Ал үздік үштікті жарыс қожайындары Оңтүстік Корея спортшылары қанжығаларына байлады. 

Жалпы Канвон Олимпиадасына 79 мемлекеттің ұлттық құрамалары қатысса, соның 32-сі өз елдеріне медальмен қайтты. 

Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 20-орынды иеленді. Олимпиадаға еліміздің атынан 41 спортшы қатысып (рекордтық көрсеткіш), 5 спорт түрінен 9 дисциплинада жүлдеге таласты. 

Канвон-2024 медаль елдер Көрсеткіш

Тақырыпқа жаңалықтар