Канвон-2024: Қазақстандық фристайлшылар ТОП-10-ға енді
Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында бүгін фристайл могулдан жекелей сында қос спортшымыз сынға түсіп, екеуі де алғашқы ТОП-10 енді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.
Ұлдар арасында Денис Раструба 10 ұпаймен жарысты 10-орынмен аяқтаса, қыздар арасында ел намысын қорғаған Юлия Феклистова Олимпиаданы 9-орынмен аяқтады.
Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 5 түрінен 10 дисциплина бойынша 41 спортшы қорғап жатыр.
Биатлон, керлинг, конькимен сырғанау, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайлдан параллельді могул бойынша бақ сынауда.
Канвонда қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы 19 қаңтар күні тұтанған болатын. Жарыс 1 ақпанда мәресіне жетеді. Аталған жарысқа әлемнің 80-ге жуық елінен 1 800-дей спортшы қатысуда. 7 спорт түрінен (15 дисциплина) 81 медаль жиынтығы сарапқа салынуда.