Спорт11 желтоқсан 2023, 12:12

Кәсіпқой бокс: Жанқош Тұраров жапондықты басымдықпен ұтты

Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегінде Жанқош Тұраров жапондық қарсыласы Акихиро Кондоны айқын басымдықпен ұтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Отандасымыз Жанқош Тұраров пен 37 рет қарсыласын тізе бүктірген жапондық танымал боксшы Акихиро Кондо IBO World пен WBA Gold World әлем чемпионы белдіктерін сарапқа салды.

Тұраров 12 раундқа созылған жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан (118:110, 120:108, 118:110) жеңісті Жанқошқа берді. Ол осылай бірінші жартылай орта салмақтағы IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сәтті қорғап, вакантты WBA Gold титулын жеңіп алды.

 

Жанқош Тұраров Кәсіпқой бокс жеңіс

Тақырыпқа жаңалықтар