Спорт8 наурыз 2024, 12:00

Майк Тайсон шаршы алаңға қайта оралады

57 жастағы әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон рингке оралады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Sports.kz жазды.

Ол 20 шілдеде АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтонда кезекті жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы кәсіби рингте 10 кездесу өткізіп, оның тоғызын жеңген америкалық блогер Джейк Пол. Жепе-жектің қандай форматта өтетіні әлі белгісіз. Жекпе-жек Netflix платформасында көрсетіледі.

Майк Тайсон кәсіби мансабын 2005 жылы 50-6 рекордық көрсеткішпен аяқтағаны белгілі. Ол WBA, IBF және WBC нұсқасы бойынша ауыр салмақ категориясындағы әлем чемпионы болды.

Майк Тайсон бокс Оралу ринг
25 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
25 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
26 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар