Михаил Кукушкин ATP 250 турнирінде жеңіске жетті
Қытайдың Ханчжоу қаласында екі қазақстандық өзара бақ сынасты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабар таратты. Тәжірибелі Михаил Кукушкин (112 ATP) Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченконы (58 ATP) 6:4, 7:6 (7:5) есебімен ұтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Карен Хачанов пен Бу Янчеокоте кездесуінің жеңімпазы Михаилдың келесі қарсыласы болмақ, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Бұған дейін кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жеке және жұптық спортшылар рейтингісінің жаңартылған нұсқасын шығарған болатын. Михаил Кукушкин сегіз орынға шығып, 112-орынға табан тіреді. Александр Шевченко бір позицияны жоғалтып, 58-ші орынға тұрақтады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: