Спорт28 ақпан 2024, 9:00

Михаил Кукушкин Испаниядағы жарыста қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық, әлемнің 165-ракеткасы Михаил Кукушкин Тенерифе (Испания) челленджер турнирінің екінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Қазақстан теннисінің ардагері аталмыш жарысты іріктеу сайыстарынан бастап, онда қос бірдей қарсыласын ұтқан еді.

Негізгі додада М.Кукушкин алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 200-орында тұрған италиялық Франко Агаменонемен шеберлік байқасты.

Қазақстандық спортшы екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта қарсыласын 7:6 (7:3), 6:3 есебімен қапы қалдырды. Ол 2 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Ф.Агаменоне 1 эйс, 2 брейктен (5 брейк-пойнт) аса алмады.Михаил Кукушкин ширек финалға өту үшін рейтингіде 231-сатыдағы болгариялық Димитар Кузмановпен таласады.

Тенерифеде қатарынан үш жеңіске қол жеткізген қазақстандық теннисші қазіргі кезде ATP Live 160-орынға көтеріліп тұр.

 

Михаил Кукушкин Испания жеңіс

Тақырыпқа жаңалықтар